Есірткі сатумен айналысқан алты бірдей күдікті ұсталды

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысының полицейлері есірткі сатумен айналысқан алты бірдей күдіктіні бір тәулік ішінде ұстады. Оның төртеуі бұрын пәтер, мал ұрлықтарымен сотты болған, деп хабарлайды «Экспресс К».

Түркістан облысының полицейлеріне Төлеби ауданында есірткі сатумен айналысатын адам бар екендігі туралы ақпарат келіп түскен. Аталға факт бойынша жан-жақты іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде есірткі затын сатумен айналысты деген күдікпен бір тәулікте алты ер адам тұрғылықты мекен жайларынан ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар, оның ішінде төртеуі бұрын сотты болған. Яғни, бұдан алдын Төлеби ауданында пәтер, мал ұрлықтарын жасағаны белгілі болды.

Күдікті деп танылған ер адамдардың үйлеріне тінту жүргізу кезінде, үшеуінің үйінен қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысымен айғақ ретінде алынған заттың біреуінің салмағы 44 грамм, екіншісі 26 грамм, үшіншісі 18 грамм болтын марихуана екендігі белгілі болды.

ПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Одан бөлек, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Кентау-Түркістан тас жолы бойындағы Оранғай ауылының тұсында күдік туғызған "Оpel astra" маркалы автокөлігінен есірткі заты, марихуанаға ұқсас 1 дана полиэтилен пакетке салынған затты тәркіледі. Зерттеу қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 722 грамм "марихуана" екені белгілі болды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров