Елордада құрылысшы жоғарғы қабаттан құлап кетті

Оскар БЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Елорданың енді соғылып жатқан "Англеттер" тұрғын үй кешенінде құрылысшы жоғарғы қабаттан құлап кетті,-деп хабарлайды «Экспресс К».

Оқиға орнындағы жағдай әлеуметтік желіде тарап жатыр.

"20 мамырда N2 көпсалалы қалалық ауруханаға жедел жәрдем қызметі арқылы 1984 жылы туған науқас жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, 10 метр биіктіктен құлап кеткен. Науқас ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілді. Реанимациялық шаралар дереу басталды. Алдын ала диагноз: бастың жабық жарақаты. Сонымен бірге дененің өзге де түрлі жарақаттары бар. Науқас медициналық қызметкерлердің бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі", — делінген Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Айта кетейік, құрылыс алаңы Нұр-Сұлтанда салынып жатқан жаңа мешіттің қасында орналасқан.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров