ШҚО-да жоғалған қыз шкаф ішінен табылды

Express Qazaqstan

pixabay.com

Бүкіл аудан полициясы аяғынан тік тұрып, төрт сағат бойы іздеген тоғыз жастағы қыз шкаф ішінде ұйықтап қалыпты, деп жазады "Экпресс-К".

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына қарасты Маяк ауылында тұратын туыстарына қыдырып барған қыз бала достарымен ойнауға кеткен. Тиісті уақытында үйге қайтпаған соң әжесі алаңдап, телефонына қоңырау шалыпты. Алайда немересінің телефоны сөндірулі болған. Бойын қорқыныш билеген кейуана бірге жүрген достарынан сұрастырыпты. Бірақ достары да қыздың қайда екенін білмейтін болып шыққан.

Біз бүкіл үйге кіріп, ауылды айналып шықтық. Немерем бәрібір де табылмады. Соңында полицияға жүгіндік.

дейді қыздың әжесі Татьяна Выходцева.

Оқиға орнына дереу жеткен Алтай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жеткіншекті іздеуді ауыл сыртынан бастайды. Олар алдымен қараусыз қалған құрылыс нысандары мен құдықтарды тінтіп шыққан. Тоғыз жастағы баланы табуға жергілікті әкімдік пен мектеп қызметкерлері де жұмылдырылыпты. Содан төрт сағат өткеннен кейін полицияға атасы хабарласып, немересін шкаф ішінен тапқанын айтқан. Сөйтсе, үйге белгілі уақыттан кешігіп келген ойын баласы үлкендерден сөз естігісі келмепті. Сондықтан шкаф ішіне жасырына тұруды жөн санаған. Бірақ ол ұйықтап қаламын деп ойламаған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров