Н.Иманғалиұлы мен М.Дорофеев атындағы сыйлықтар бекітілді

Express Qazaqstan

parlam.kz

ҚР Парламентінің Сенаты журналистер арасындағы "Аманат" байқауына өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл жайында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Экспресс-К".

"Парламент Сенатының ұйымдастыруымен өтетін журналистер арасындағы "Аманат" байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Қазіргі таңда байқау комиссиясы құрылып, оған бірқатар Сенат депутаттары мүше болды. Оның ішінде өздері де белгілі журналистер Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігітова және Айгүл Қапбарованың есімдерін ерекше атап өткен жөн", — деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, байқау барысында Мемлекет басшысы қолға алған жаңғыру бағдарының іске асырылу барысын және заң шығару қызметін сараптайтын үздік материалдар анықталады.

Биыл телевизия, баспасөз, радио және электрондық БАҚ салаларына қатысты дәстүрлі жүлделерден бөлек, белгілі қазақстандық журналистер Нұртілеу Иманғалиұлы мен Михаил Дорофеевті еске алуға арналған арнайы сыйлықтар да тағайындалды.

деп жазды Сенат төрағасы.

Байқаудың шарттары мен талаптары Сенаттың ресми сайтында жарияланғанын айта кетейік. Жұмыстар 19 мамыр мен 10 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері журналистер күні қарсаңында белгілі болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров