Ақтөбеде 30 жастағы әйел бала босану үстінде қайтыс болды

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ақтөбе қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта 16 мамыр күні отыз жастағы Аймира Атшыбаева көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаеваның айтуынша, жүкті әйел жедел жүрек, қан тамыры жетіспеушілігінен көз жұмған. Дәрігерлер оны құтқару үшін бар күштерін салғанмен, аман алып қалу мүмкін болмапты. Қазір комиссия құрылып, тексеру жүргізіліп жатыр. Келіншектің нақты неден көз жұмғаны осы тексерулерден кейін белгілі болады.

Ал марқұмның туыстары дәрігерлерден мән -жайды түсіндіруді талап етті. Аймираның күйеуі Алтынбек Жұмағазиев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында әйелінің денсаулығы жақсы болғанын, whatsapp желісі арқылы сөйлесіп отырғанын айтады. Соңғы сөйлескенінде қиналып жатқанын жеткізген. Содан кейін жауап болмапты. Әйелінің жағдайын ауруханадағы науқастардан білген. Ал дәрігерлер ештеңе айтпаған.

kaz.nur.kz
kaz.nur.kz

Айта кетейік, Аймираның баласы аман-есен, дені сау болып туылған.

Осы оқиғадан соң облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Асхат Балықов өз еркімен қызметінен кетті. Аталған орталықта осымен екінші рет ана өлімі тіркеліп отыр. Жалпы, биыл Ақтөбе облысында жеті ана өлімі болған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров