Алматыда шетелдік қыздар тәнін саудалаған

Оскар БЕК

polisia.kz

Шетелден келген өзге ұлт қыздары Алматыда боди массаж салонында жезөкшелікпен айналысқан,-деп хабарлайды "Экпресс-К" қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жезөкшелер үйі массаж салонының атын жамылып, қаланың Медеу ауданында элиталық секторда жұмыс істеді.

Оны Ақмола облысынан келген 31 жастағы әйел адам басқарды. Оның Қарағанды, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келгендерді жұмысқа тартқаны анықталды. "Ұжымның" құрамына Өзбекстан мен Ресей Федерациясының азаматтары да кірді. Бұл элиталы үйге кіру оңайға соқпады. Тек тұрақты, сенімді клиенттерді ғана ішке кіргізді, тіпті көліктерінің нөмірлерін де ешкім танымас үшін пленкамен жауып тастаған. Боди-массаж кең ауқымды қызмет түрлерін қамтыды: бұл үш қабатты ғимаратта сауна мен спа-салон да бар болатын, — деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Салонның иесі, 1990 жылы туған әйел полициямен бірнеше рет бетпе-бет келген. Бұрын жезөкшелер үйін ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Шешім қабылдау үшін өндірістік материалдар сотқа жіберіледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров