Мектептердегі қауіпсіздік жүйелері жаппай тексеріліп жатыр

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қызылорда облысында мектеп инспекторлары жеткіліксіз. Сол себепті жергілікті полиция қызметі қосымша 71 адамды жұмысқа алу жөнінде ұсыныс айтып отыр, — деп хабарлайды Эксперсс-К 24.kz-ге сілтеме жасай отырып.

Аймақтағы 300-дей білім беру ұйымының 136-сындағы бейнебақылау камералары жедел басқару орталығына қосылмапты. Сондай-ақ өңірдегі 48 мектепте ғана турникет орнатылған. Оның нешеуі жарамды екені белгісіз. Осы ретте полиция департаменті мен салалық басқарма мамандары әлеуметтік нысандардағы қауіпсіздік шараларын тексеруге кірісті.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған жасөспірімдер қолымен 16 қылмыс тіркелген. Бір қуантарлығы, өңірде аудан-ауданға бөлініп, бір-бірін аямай сабайтын топтық төбелес тыйылған.

Жалпы білім беру нысандарын мамандандырылған күзет мекемелерінің қорғауына беру жөніндегі Қазалы аудандық білім бөлімінің ұсынысы жоғарғы инстанцияларда қаралуда. Әзірге оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіздігі мектеп қарауылдарының қолында.

Естеріңізге салсақ, дүйсенбі күні ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев еліміздегі мектептерде мамандандырылған күзет жүйесі енгізілетінін хабарлаған еді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров