COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 368748, ЖАЗЫЛҒАНДАР 329918, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 3745
©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 267 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады жұма күні Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР-мен 2 мың 433 жағдай анықталды, 17 адам қайтыс болды.
Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 368 мың 748 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 386,
Алматы қаласында — 510,
Шымкент қаласында — 79,
Ақмола облысында — 137,
Ақтөбе облысында — 72,
Алматы облысында — 140,
Атырау облысында — 87,
Шығыс Қазақстан облысында — 97,
Жамбыл облысында — 33,
Батыс Қазақстан облысында — 109,
Қарағанды облысында — 318,
Қостанай облысында — 38,
Қызылорда облысында — 36,
Маңғыстау облысында — 60,
Павлодар облысында — 105,
Солтүстік Қазақстан облысында — 23,
Түркістан облысында — 37.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 329 мың 918 адам емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 2 мың 892 адам.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19-дан 26 адам қайтыс болды.