Британ ханзадасы Уильям Covid 19-ға қарсы вакцина алды

Express Qazaqstan

twitter.com / KensingtonRoyal

Ұлыбритания ханшайымының немересі, ханзада Уильям бейсенбіде коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алғанын хабарлады.

"Сейсенбіде мен COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын алдым", — делінген Кембридж герцогы мен герцогинясының Твиттердегі ресми парақшасында.

Хабарламаға 38 жастағы ханзада Уильямның вакцина алып жатқан фотосуреті тіркелген.

Сондай-ақ, ол вакцинация науқанына қатысқандардың барлығына қызметі үшін алғысын білдірді.

Кембридж герцогының жұбайының вакцинациясы туралы ақпарат әлі берілген жоқ.

Өткен аптада Ұлыбританияда 30 жастан асқан адамдарды вакцинациялау басталды.

Ұлыбританияда пандемия кезінде 4,4 миллионнан астам Сovid-19 жағдайы анықталды, 127 мыңға жуық адам осы инфекцияны жұқтырғаннан кейін қайтыс болды. Елде халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша ауқымды науқан жүргізілуде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров