Ағаш өңдейтін кәсіпорын отқа оранды

Express Qazaqstan

ТЖД

Семейде ағаш өңдеу өнеркәсібін шарпыған қызыл жалын екі сағаттың ішінде ауыздықталған, деп жазады «Экспресс К»

Қалалық ТЖД хабарлауынша, өрт кәсіпорынның аралау рамасы аумағында тұтанған. Тілсіз жаумен күресуге жеке құрамнан 25 адам және 8 бірлік техника қатысты. 250 шаршы метр аумақты шарпыған өртің себебі әлі де белгісіз. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес береді. Нысанда міндетті түрде автоматты өрт дабылы және алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.

Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров