Қазақстан
Фархад Әбдірайымов қайтыс болды


Фархад Абдраимов / instagram.com/fara_actor
Белгілі актер Фархад Әбдірайымов Грузияда фильм түсірілімі кезінде қайтыс болған, деп хабарлайды «Экспресс-К».
Биыл 55 жасқа келген ол көпшілікке "Фара" фильмі арқылы танымал. Сондықтан да оны жәй ғана Фара деп айтатын.
Актер басқа да көптеген фильмдерге түсті. Олар — "Любовь под прикрытием", "Застава", "Фара", "Анажан", "Статья на двоих", "Рэкетир-2", "Сказ о розовом зайце" және басқалар.
Айта кетейік, Фархад Әбдірайымов Facebook-тегі парақшасына осы түнде ғана Тбилисидегі "Больше, чем любовь" фильмінің түсірілу барысынан видео жариялаған.
Бөлісу