Балалардан телефон тартып алатын күдікті ұсталды

Оскар БЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Алматыда балалардың қолынан телефонды тартып алған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды "Экспресс-К".

22 жастағы ер адамбалаларды қорқытып, қолындағы, ұялы телефонын күшпен тартып алатын болған. Жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін жасөспірімдерді алдымен әңгімеге айналдырып, сосын бір рет қоңырау шалу үшін телефонды сұрап қашатын болған. Артынан қуар болса, не бермесе күш қолданған.

Ол телефонды қолдан жұлып алып, қашып кеткен сәт болды. Бірақ барлық жағдайда күдікті балалармен, дәлірек айтқанда 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдермен әңгімені бастайды. Бұрын сотталмаған жас жігіт өзінің әрекетін ақшаның жетіспеушілігімен түсіндірді. Енді ПД-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғанда адал және заңды түрде ақша табу үшін қандай мүмкіндіктері бар екенін түсінуге тура келеді. Н. есімді ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, — деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров