Қызылордада көпқабатты үйден өрт шықты (видео)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының сақшылары қызыл жалын шарпыған үйден тұрғындарды құтқарды, деп хабарлайды «Экспресс К»

Қаланың Ақмешіт мөлтек ауданы №2 үйдің екінші қабатында өрт шыққан. Төтенше жағдай қызметіне хабар берген полицейлер өрт сөндірушілер келемін дегенше пәтер есігін күштеп ашып, 1967 жылы туған азаматшаның өмірін құтқарды және өртке оранған көпқабатты үйдің тұрғындарын, алдымен балаларды, кейін ересектерді сыртқа шығарады.

Құтқарушылардың келуін күтпей-ақ басын қатерге тіккен полиция қызметкерлеріне үй тұрғындары ризашылық білдірді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров