Шығыста қойдың ерекше түрі өсіріліп жатыр

Express Qazaqstan

Әлейметтік желіден

ШҚО Ақсуат ауданында арқар мен қойдың будандасуынан жаңа мал тұқымы пайда болды. Саны елуге жеткен ашатұяқтыларды ғалымдар асыл тұқымды мал ретінде ғылымға енгізіп, өсіруді көздейді, деп жазады «Экспресс К».

Ерекше мал тұқымын асылдандыруды Ақсуат ауданындағы шаруашылықтардың бірі қолына алған. Жергілікті шаруа арқар мен қойды табиғи түрде будандастырған. Тарбағатай тауының қай жерінде арқар барын білетін ол өрістегі малын сол жаққа бағыпты.

Наурыздың ортасында бір қой туды. Одан екі құлағы тіктелген, құйрығы жоқ қозылар шықты.

дейді шаруа Ислахат Бешімбаев.

Шаруаның арқарлы жерге мал баққанына төрт жыл болған. Жаңа түліктің биылғы төлі 50 -ге жетіпті. Қойдан ерекшелігі суыққа төзімді, етті болады. Әрі жүні уақыты келгенде өзі түлейді.

Ғалымдардың айтуынша, елімізде арқар мен қойды будандастыру бұрынан бар. Алайда ғылыми әдіспен зертханада жүргізіліпті. Ақсуаттықтар қолданған табиғи әдісті дамыта түсіп, заңдастыру қажет дейді.

"Алдымен бренд болатындай етіп, сапасын жақсарту керек. Ерекше малға қолайлы стандарт болуы қажет", — дейді ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Қабылғазы Сейітпан.

Ауыл тұрғындары жаңа түлікті "Ислахат" қойы деп атап жүр. Олар алдағы уақытта "Ислахат" қойы асыл тұқымды мал санатына кіргенін қалайды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров