Теңіз кеніші аяқтан тік тұрды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

20 мамыр күні Атырау облысына қарасты Теңіз кенішінде иесіз қара сөмке табылғандығы жөніндегі полицияға қоңырау түсіп, нәтижесінде жұмысшылар қауіпсіз жерге эвакуациаланды, - деп жазады «Экспресс-К».

Сағат 8:15 шамасында Теңіз кенішіндегі аялдамалардың бірінде белгісіз сөмке анықталғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті алгоритм бойынша азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақты қоршауға ала отырып жұмыс атқарды,- деп хабарлады Атырау облыстық Полиция Департаментінің баспасөз-қызметі.

Нәтижесінде, күдік тудырған сөмкені полиция қызметкерлері мен саперлар тексеріп, ішінде бомба жоқ екендігін анықтады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров