"2GIS" мобильдік қосымшасы қауіпсіздік үшін де қызмет етеді


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Бұдан былай "2GIS" мобильдік қосымшасында шомылуға болатын және болмайтын орындар көрсетіледі.
Су айдындарында қаза болуды азайту үшін "2GIS" мобильдік қосымшасында елдің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындар туралы ақпарат енгізіледі, деп хабарлайды "Экспресс К"
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР төтенше жағдайлар министрінің халық алдында есеп беру кезінде ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.
Өткен жылы суға шомылу маусымында еліміздің су айдындарында үш жүзден астам адам суға батып кетті.
Министрдің айтуынша, адамдардың қаза болуының негізгі себептері — мас күйінде шомылу, өз күшін дұрыс бағаламау, жүзе алмау, балаларды су айдындарында қараусыз қалдыру.
Қосымшаданы пайдалана отырып, судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтап, өзінің және жақындарын өмірін аман алып қалуға көмектесе алады.
Юрий Ильин министрлік қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін, тыныштығын және қорғалуын қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін адал орындайтынын айтты.
"Өкінішке қарай, Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 54 қызметкер қаза тапты", — деді ол.
Бөлісу