Жалған актілерді толтырып, қол қойған

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қызылорда облысында бірнеше шенеунік ірі көлемдегі мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінді.

Қызылорда облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Мекеменің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірнеше лауазымды қызметкері қызмет бабын пайдалана отырып, облыс аумағында 2019-2020 жылдарға арналған бірнеше жобалар бойынша инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру барысында бірнеше кәсіпкерлік нысандарымен келісімге келген. Олар аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жымқыруды жүзеге асырған.

Нақтырақ айтқанда, бұл қызметкерлер бірқатар шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмаса да, жабдықтар мүлдем қойылмаса да, жұмыстардың толық орындалғаны туралы жалған актілерді толтырып, қол қойған.

Жүргізілген сот-құрылыс сараптамалары негізінде бірнеше шаруа қожалықтары бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 26 млн. 792 мың теңге болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров