Құны 320 млн теңгеден асатын есірткі тәркіленді

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Есірткі саудасы өршіп тұр.

ШҚО-да арнайы операция кезінде өңіраралық есірткі тасымалдаумен айналысқан топ құрықталып, 380 келіден артық марихуана және гашиш тәркіленді, деп жазады "Экспресс К"

ШҚО полиция департаменті, сәуір айында ірі есірткі тасымалын ұйымдастырған Жамбыл облысының тұрғыны туралы ақпарат алған. Бұрын сотты болған азамат марихуана мен гашишті жүк көлігіне жасырып, Өскемен қаласына жеткізіпті. Ұйымдасқан топтың есірткі тасымалдау мен сату нүктелерін жіті қадағалаған құқық қорғаушылар оларды ұстауға кіріскен.

Алғашында, өңірдегі есірткі сатушы 43 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Одан 1,5 келі марихуана тәркіленген. Бұдан кейін есірткі саудасына қатысы бар тағы бір 40 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Күдіктінің гаражында 74 келіден астам марихуана мен 1,7 келі гашиш табылған.

Бұдан бөлек облыс орталығына аса ірі көлемдегі есірткі тасымалдаған 50 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны құрықталды. Ол басқарған жүк көліктен арнайы жасырып тыққан 300 келіден астам марихуана және 8 келіге жуық гашиш табылған.

ПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

"Есірткі арнасын жою барысында 380 келіден астам өсімдік тектес әртүрлі есірткі заттары алынды. Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуда. Аталған қылмыс үшін 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген",-дейді ШҚО ПД өкілдері.

Айта кетейік, тәркіленген заттардың "қара базардағы" құны 320 миллион теңгеден асады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров