Ертістен 3000 жыл бұрын өмір сүрген адамның сүйегі табылды

Диас АЛТАЙ

© ЭК

Павлодар облысындағы Ертіс өзенінен 3000 жыл бұрын өмір сүрген адамның жақ сүйегі табылды, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Қола дәуірінде өмір сүрген ежелгі адамның қаңқасы балықшының қармағына түскен. Сан ғасыр бойы су түбінде жатқан тістер осы күнге дейін бүлінбеген күйі сақталыпты.

Адам шошырлық жағдайды Ақсу қаласының тұрғыны басынан кешірген. Ертістен балық аулап отырған әйелдің қармағына адамның жақ сүйегі іліккен. Шошып кеткен балықшы жанталаса полиция шақырыпты. Ал жергілікті тұрғындар мұны қылмыспен байланыстырып, тіпті қаңқа осыдан бірнеше жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен жігіттікі деп болжап үлгерген. Алайда өзен жағасын түгел қарап, суды сүзіп шыққан құтқарушылар адамның басқа сүйегін таппаған. Ал, сараптама кезінде судан шыққан жақ сүйегі қола дәуірінде өмір сүрген адамдікі екенін анықталған.

Жақ сүйегіне қарап, орта жастағы ер адамдікі екенін білуге болады.Бұл 35-45 жастағы адам жақсы тамақтанған, тіпті физиологиясы жақсы болған болуы әбден мүмкін. Сүйекке шамамен 2,5 -3 мың жыл.

дейді археолог Виктор Мерц.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров