Елорданың «Жасыл белдеуінде» орман өрті сөндірілді (видео)

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Табиқат аясына демалуға келгендер от жағып, он өшірмей қалдырып кету салдарынан құрғақ шөп жанып, ары қарай орман белдеуіне лап берді. Тілсіз жаумен өрт сөндіру мамандары арпалысты. Оқиға орнында қаланың шұғыл және өзара іс-қимыл қызметтері жедел жетіп өртті сөндіруге кірісті. Әуеден тікұшақ та жұмылдырылады.

Нұр-Сұлтан қаласының "жасыл белдеуінде" орман өртіне қарсы оқу-жаттығу жиыны осы көрініспен өтті, деп хабарлайды "Экспресс К".

Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша табиғи өрттердің шығуына 72-ден 99%-ға дейін демалушылар кінәлі болады. Себебі олар демалу кезінде сақтық шараларына бей-жай қарайды. Сол сияқты өрттің күшеюіне орман ағашын заңсыз кесумен және сатумен айналысатындар да кінәлі. Себебі кесілген ағаштың қалдықтары құрғап, тез жанып кетуге бейім болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының аумағында құрғақ шөптің өртенуіне қатысты 119 оқиға тіркелді. Ал өрттің жалпы ауданы 76,609 шаршы метрді құрайды.

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров