ЕАЭО-да өзара саудадағы кедергілермен күрес тәсілдері тиімсіз

Express Qazaqstan

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәлімдемесін бүгін өткен Еуразиялық экономикалық одақтың кезекті отырысында айтты. Бұл жиын пандемияға байланысты бейнебайланыс форматында өтті.

Сондай-ақ Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ аумағында барлық қатысушыға тең мүмкіндіктер жасалуы қажет деп баса айтты. Өйткені дағдарыстан кейінгі кезеңде ЕАЭО-да өзара саудадағы кедергілердің саны локдаун кезінде өскен. Ал оны жою мәселесін шешу кезек күттірмейтін мәселенің бірі, деп хабарлайы "Экспресс К"

Экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне қарай кедергілер өз-өзінен жойылмайды деген қауіп бар. Бұл шектеулер сауда-экономикалық қатынастардың дамуын тежеп, Одақтың даму әлеуетін шектеп отыр. Қазақстан, Одақтың басқа мүшелері сияқты нарықтың барлық қатысушысына тең мүмкіндіктер ұсынып, кемсітушілікке жол бермеуі керек деп санайды, — деді Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, комиссия кедергілермен күресті бірде-бір рет тоқтатқан жоқ. Алайда ол тек ұлттық деңгейде қабылданған шешімдердің салдарымен күрес болғандықтан кедергілерді жою күресі жүргізілді, деп мәлімдеді. Сол себепті президент кедергілерге мониторинг жасайтын ұлттық жүйе құру туралы да өз ойын айта кетті. Ондай жағдайда комисия кеңесі мүшелерінің, үкімет вице-премьерлерінің рөлін көруге болар еді.

Осылай деген мемлекет басшысы экономикалық интеграцияға жауапты әр елдің министрліктері Одақтағы өз ұстанымын айқын білдіруі тиіс деп есептейді. Қазіргі кезде саудадағы кедергілер мен шектеулер тиісті нормативтік-құқықтық актілермен енгізілуде. Ал осы құжатты әзірлеу кезінде әр елдің министрлігі өз ұстанымын білдіріп,қорғап шығуы керек.

Бейнебайланыс режимінде басталған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына төрағалық еткен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай өткір пікірлерін де айтып өтті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров