Ақтаулық шенеуніктер ауыз су үшін жазаланбақ

Диас АЛТАЙ

© ЭК

Ақтауда 81 кәсіпкерді судан шектеген шенеуніктер жауапқа тартылады, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Қалалық прокуратураның мәліметінше, әкімдіктің бұл әрекеті заңсыз екен.

-"Кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қалыпты қызметін қамтамасыз ету және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын шешу мақсатында қала прокуратурасы қала әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Қадағалау органының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильдік топтар жұмыс атқаруда"-деді Ақтау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Олжас Айтуар.

Естеріңізге салайық, Ақтау тұрғындары бірнеше аптадан бері тіршілік нәрінен тарығып отыр. Тіпті тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарына су шықпай жатыр екен. Өйткені қаланы ауыз сумен қамтитын комбинатта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан қысым төмендеп, тұрғындарға тіршілік нәрі тамтұмдап берілуде.Тіпті суды үнемдеу үшін шенеуніктер монша мен көлік жуу орталықтарын жауып, суық су құбырларына пломба салып тастаған. Онсыз да карантин кезінде кәсібі тұралаған азаматтар әкімдіктің бұл шешіміне наразылық білдіріп, прокуратураға шағымданған. Тексеріс нәтижесінде қадағалаушы орган шенеуніктердің әрекеті дұрыс емес деген шешім шығарыпты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров