БҚО

БҚО-да жедел жәрдем көлігін ұрлаған науқас қоршауға соғылды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауылдардың бірінде науқас "жедел жәрдем" көлігін айдап әкетіп, жол апатын жасады, деп хабарлайды "Экспресс-К" облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлер аяғын жарақаттаған 31 жастағы ер адамды ауруханаға апарып, алғашқы көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберді. Бірақ науқас медициналық мекеменің жанында тұрған жедел жәрдем көлігін айдап кеткен. Алайда ол бірнеше метр ғана жүрген соң мектептің қоршауына соғылды.

ПД баспасөз қызметі

"1990 жылы туылған азаматтың мұндай оғаш әрекетті жасау себептерін тергеу анықтайды. Жүгіріп шыққан жедел жәрдем жүргізушісі ұрыны бірден қуып жете алмады және оны апаттан кейін ғана ұстап алды. Бірақ К. деген азамат жарақат алған аяғына қарамастан, оқиға орнынан кетіп үлгерген. Қазір келтірілген залал анықталуда. Бұзақы ұсталды", — дейді полициядағылар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров