Елорданың екі ауданында су өшіріледі

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

«Астана су арнасы» сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы іс-шаралар өткізілетіні туралы мәлімдеді.

Осыған байланысты Есіл және Алматы аудандарында су уақытша өшіріледі. Бұл туралы "Экспресс К" елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Коммуналдық кәсіпорын мына орындарда жөндеу жүргізеді: Б.Момышұлы даңғылы мен Төлебаев көшесінің қиылысында жаңа магистралды су құбырын салу; Б.Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында қысым реттегішті бөлшектеу; Б.Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайында шығын өлшегішті ауыстыру.

"21 мамыр күні сағат 22:00-ден 22 мамыр 09:00-ге дейін Есіл ауданында: Мәңгілік Ел даңғылы, Nova city, сол сияқты Заречный, Тельман, Пригородный аудандары, BI Village/Family Village, Қабанбай батыр даңғылы, сондай-ақ Алматы ауданы бойынша: Мыңжылдық аллеясы ауданы, Оңтүстік-Шығыс ауданы, Қалдаяқов-Тәуелсіздік-Панфилов-Аманжолов көшелері аумағында ауыз су беру тоқтатылады. 22 мамырда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандарда су құбыры желілерін іске қосу жұмысы жүргізіледі", — деп хабарлады "Астана су арнасы".

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров