Облыста суармалы жердердің көлемі 3 млн гектарға ұлғаяды

Экспресс К

Экспресс К

Түркістан облысында суармалы жердердің көлемі 3 млн гектарға ұлғаяды - деп хабайрлайды «Экспресс К».

Бұл туралы бүгін түркістанда өткен ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, оны тиімді пайдалану мәселелері бойынша көшпелі отырысында айтылды.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығының бай аймақтарының біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар) және 70 мың агроқұрылымдарда 180 мыңға жуық адам еңбек етуде. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев суармалы жерлерді тиімді пайдалану мәселелеріне тоқталып, осы бағыттағы атқарылып жатқан істерімен, алдағы жоспарларымен таныстырып өтті.

"Түркістан қаласы аумағындағы аудандарда ағын су тапшылығын шешу мақсатында, ірі су нысандарының құрылысын жүргізудеміз. Оның ішінде, "Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу", "Кеңсай — Қосқорған — 2" су қоймасын салу, "Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту" жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, ағын су тапшылығының тәуекелділігі әлі де жоғары екендігін ескеріп, "Сырдария өзенінен машиналық арна салу" және "Сарқырама" су қоймасын салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар Түркістан өңірін кепілді ағын сумен қамтамасыз ететін болады", — деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров