Марқұм Фархат Әбдірайымовтың денесі Алматыға жеткізілді

Express Qazaqstan

tiketon.kz

Белгілі қазақстандық актер 21 мамырда Грузияда «Больше, чем любовь» фильмін түсіру кезінде қайтыс болды.

Фархат Әбдірайымовтың бала кезден бірге өскен досы, актер Арман Әсенов Sputnik Қазақстан тілшісіне Фархаттың бірнеше жыл бұрын инфаркт алғанын айтты, деп хабарлайды "Экспресс К". Оның жүрегіне операция жасалды. Сол үшін ол үнемі денсаулығын күтініп, қажет дәрі-дәрмек қабылдап жүрді. Операциядан соң екінші топтағы мүгедектік алған.

-Тбилисиге барды, таулы жер мұның барлығы оның денсаулығына әсер етті деп ойлаймын. Оны айтудың өзі де ауыр маған. Түсірілімдер жасалды, ол да біраз ауыртпалық болды. Ол түнгі екіде қонақ үйде ауырып қалды. Дәрігерлер оның өмірі үшін таңға дейін арпалысты. Амал нешік, ешқандай көмек бере алмады, — дейді Арман Әсенов.

Актер үш күн бұрын Грузияға "Больше, чем любовь" фильміне түсу үшін барған еді. Аталған туынды Ұлы Отан соғысынан кейінгі қиын жылдар туралы баяндайды.

Әсеновтің сөзінше, Фархаттың қайтыс болғанын достары таңғы сағат 5-те естіпті.

"Экспресс К" ұжымы Фархат Әбдірайымовтың туыстары, ет жақын ағайындары мен дастарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров