Қазақстанда 38 градусқа дейін ыстық болады

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Кей өңірлерде жел күшеюі мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады деген болжам бар.

Алдағы үш күнде Қазақстанның дерлік барлық бөлігі жоғары атмосфералық қысым әсерінде болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Тек Шығыс Қазақстан облысында ғана биіктіктегі жылғаның әсерінде қалып, онда 22 мамыр күні аздаған жауын-шашын мен түнде қатқақ сақталады. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары белсенді жылжып, олармен бірге елімізде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы, тіпті қатты ыстық күн райы күтіліп отыр.

24 мамыр күні күндіз термометр бағанасы 30-38 градус ыстықты көрсетеді, еліміздің оңтүстік-шығыс, шғыс және орталық бөлігінде күн 25-35 градусқа дейін ысиды. Республиканың жекелеген аймақтарында жел күшеюі ықтимал. Ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров