Қазақстан
ӘЧ: Хоккейден Қазақстан құрамасы алғашқы матчын бүгін өткізеді


© Martin MERK
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчын бүгін өткізеді.
Біздің команданың қарсыласы алаң иелері — Латвия құрамасы болады. Хоккей ойыны "Арена-Рига" стадионында болады, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.15-те басталады, деп хабарлайды "Экспресс К"
Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды, оған Латвиядан басқа АҚШ, Канада, Финляндия, Германия, Норвегия, Италия құрама командалары енген.
Еліміздің хоккей федерациясының Instagram парақшасында Қазақстан құрамасының сапында 28 ойыншы бар екендігі жазылған. Олар: 3 қақпашы, 9 қорғаушы және 16 шабуылдаушы.
Финляндия құрамасының бұрынғы бас менеджері Джари Курридің айтуынша, Қазақстан құрамасының әлеуеті басым. Егер жақсы ойын көрсететін болса жанкүйерлерді әбден таңғалдыра алады,- деп ойын білдірген болатын.
Бөлісу