Қытайда жер сілкініп, тұрғындар зардап шекті

Express Qazaqstan

pixabay.com

Екі провинцияда әртүрлі, біріншісінде 6,4 ал, екіншісінде 7,4 балдық жер асты дүмпуі тіркелді.

Қытайдың Юньнань және Цинхай провинциясында жер сілкінісі болды, деп жазады "Экпресс К" nege.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қытай сейсмология орталығының мәліметінше, жұма күні кешке Юньнань провинциясының Янби-Ийском автономды аумағында 6,4 балға дейін жер сілкінді. Алдын ала мәлімет бойынша кем дегенде 3 адам көз жұмып, 27 адам ауыр жарақат алды.

Ал сенбі күні түнде Цинхай провинцясының Голог-Тибетского автономды аймағында магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі тіркелген. Цинхай провинцясы 4230 метр биіктікте орналасқан адамдар аз тұратын елді мекен. Зілзаладан қанша адам зардап шеккені туралы ақпарат әлі түспеген. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров