Халықаралық іздеуде болған күдікті елге жеткізілді

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бірнеше қылмысқа қатысы бар Қазақстан азаматы Беларусьтен экстрадицияланды.

Бүгін Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполының қызметкерлері Белорусьтен Владимир Тургуновты экстрадициялады, деп хабарлайды "Экспресс К" ведомстваның жазған ақпаратына сілтеме жасап.

Ол қару қолданып қарақшылық шабуыл жасаған, адам ұрлығы мен құны 100 млн теңгеден астам болатын бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастырды деген күдiкке ілігіп отыр.

Қылмыс жасаған соң күдікті бой тасалап, құқық қорғау органдарынан жасырынған. Сол себепті оған халықаралық іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта В. Тургунов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров