Бір өңір "қызыл" аймаққа өтті

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

2021 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Маңғыстау облысы коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өтті, ал Ақтөбе облысы "сары" аймаққа ауысты, — деп хабарлайды "Экспресс-К".

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров