Елбасы "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Express Qazaqstan

instagram.com / saken_maigaziyev

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды «Экспресс К».

Кеше, 21 мамырда еліміздің Мəдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күніне орай Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мерекелік іс-шара өтіп, мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "МузАРТ" ансамблін 20 жылдығымен құттықтап, Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын табыстады.

"Сіздерді 20 жылдық мерейлі белестеріңізбен құттықтаймын! Табиғи талант пен талғамның, табанды ізденіс пен еңбектің арқасында көпшілік сүйіп тыңдайтын, кеңінен танымал ансамбльге, күллі жұрттың көзайымына айналу — зор жетістік. Алдағы уақытта да өнерлеріңіз өрістей берсін. Мықты денсаулық, шығармашылық жаңа табыстар тілеймін!", — деп жазылған Елбасының құттықтау хатында.

Бұл туралы топ мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті

Құттықтауларыңызға мың алғыс, ардақтыларым! Сіздерге де, ұрпақтарыңызға да жақсы жетістіктерге жету, мемлекет басшысы қолынан марапат алу нәсіп болсын.

деп Сәкен Майғазиев қазақ халқына шексіз алғысын жеткізді.

МузАРТ тобы 2001 жылдың сәуір айында құрылған. Қазір топ құрамындағы әншілер — Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Кенжебек Жанәбілов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров