Абайлықтар банан өсіреді

Express Qazaqstan

© ЭК

Қарауылдағы мектептің жылыжайында тропикалық жемістің аулан түрі өседі екен.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы мал шаруалығымен елімізге танымал. Бұрын мүлдем жеміс өспейтін ауданда биыл банан ағашы жеміс берді, деп хабарлайды "Экспресс К"

Мектеп директоры тропикалық жемістерді ауылға осыдан бес жыл бұрын алып келіпті. Алайда, бастапқы екі жыл көшеттер мектеп дәлізінде тұрғандықтан өсуі баяу болыпты. Кейін жылыжайға ауыстырылып міне биыл өнім бере бастапты.

© ЭК
© ЭК

-Алдымен лимон, анар, мандарин жемістері өнім берді. Енді, биыл бананға да кезек келгендей. Жылыжайға бес банан ағашы бар. Әзірге, біреуінің жемісін көріп отырмыз. Бір түптің өзінен 28 банан шықты. Астынан тағы да өсіп жатыр, -дейді биология пәнінің мұғалімі Мергүл Ахметова.

Жылыжайдағы тропикалық жемістерді оқушылар күтіп-баптайды. Алуа Ерболқызы ғылыми жұмысын банан ағашына арнапты. Сондықтан өсімдіктің өсу кезеңін жеке зерттеуіне алған.

-Жылыжайдағы орташа температура 25 градусты көрсетеді. Жаз кезінде бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болады. Бананның өсу қарқыны да осы уақыттарда жылдамдай түседі екен

дейді Алуа Ерболқызы.

© ЭК
© ЭК

Мектеп басшылығы болашақта ауқымы 60 шаршы метр болатын жылыжай көлемін үлкейтпек. Себебі мұнда, тропикалық жемістермен қатар, раушан гүлі мен қияр өседі. Ертеден мал шаруашылығымен айналысатын аудан түрғындары жылыжай ішіне жиі кіріп, қызықтап қайтуды әдетке айналдырған екен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров