ХОК: Токио Олимпиадасы өтеді

Express Qazaqstan

© AP

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елдің тоғыз префектурасының аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) вице-президенті Джон Кутс жазғы елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген күнде де Олимпиада ойындары өтетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды "Экспресс К" Sportbox.ru таратқан ақпаратқа сүйеніп

"Спортшы біткеннің барлығының бір ғана мақсаты бар, ол-чемпион болу, олай болса біз барлық қажетті жағдайды жасау керекпіз. Олимпиада ойындары әуел бастан сол мақсатта құрылды. Біз қабылданған қауіпсіздік сақтау шараларды ДДҰ толық қанағаттандырды. Осы қағиданы басты назарда ұстай отырып ойындар кезінде соған баса назар аударамыз", деді Джон Коутс

Айта кету керек, дәл қазір елдің тоғыз префектурасының аумағында (Токио, Осака, Хиого, Киото, Айчи, Фукуока, Хоккайдо, Хиросима және Окаяма) эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. Оның мерзімі 31 мамырда аяқталуға тиіс. Ал, Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров