Ауғанстанда 300 адам уланып қалды


Ауғанстанның Тахар провинциясында 300 адамның уланып қалғаны анықталды.
Бұл туралы Ariana News телеарнасына сілтеме жасап "Экспресс-К" хабарлайды.
Бұл жағдай Шал округінде болған. Оқиға орнында медицина бригадалары жұмыс істеп жатыр.
Зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар да бар делінуде.
Оқиғаның басқа мән-жайы әзірге айтылмай отыр.