Нұр-Сұлтанда байкерлер автошеруі өтпек

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен байкерлер автошеру өткізбек.

23 мамыр күні жергілікті полиция қызметі басқармасы "ROAD BROTHERS MCC KAZAKHSTAN" байкерлер клубымен бірге елорданың орталық көшелерінің бойында "Біз жолда қауіпсіздікті қолдаймыз!" атты автошеруін өткізеді, деп хабарлайды "Экспресс К" Polisia.kz. ақпарат порталына сілтеме жасап.

Автошеруге эвакуатормен авариялық жағдайдағы көліктер, апаттардың алдын-алуға арналған билбордтары бар автобустар, Полиция департаментінің мотоцикл жүргізушілері мен танымал байкерлер қатысады.

Шеру кезінде кезінде дауыс зорайтқыш құрылғыларда профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылады. Автошеру Бәйтерек монументінде аяқталып, ол жерде "Жолда қабылдау" акциясы жүргізіледі.

Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтары көкейкесті мәселелер бойынша жедел түрде полициямен тікелей байланыса алады. Іс-шараның мақсаты — жол-көлік оқиғасының алдын-алуға қоғамның назарын аудару.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров