Елсіз далада жоғалған үш адам бес күннен кейін табылды

Express Qazaqstan

ТЖД

Қызылорда облысында елсіз далада жоғалып кеткен үш азамат бес күннен кейін табылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жалағаш ауданы Жаңадария ауылынан құтқару қызметіне 21 мамырда хабар келіп түсті. Онда 1966, 1976, 1981 жылы туған азаматтардың 17 мамырда "Мыңтай" шекара қызметіне қарай бағыт алып, қайтар жолда хабарсыз кеткені жөнінде айтылған.

Іздестіру жұмыстары 21 мамыр түс уақтысында басталып, оған тікұшақ жұмылдырылды. Сондай-ақ, кинология мамандары да із кесуге шыққан. Алайда іздеудің алғашқы күні еш нәтиже болмады.

ТЖД
ТЖД

"Іздеу жұмыстары бүгін, 22 мамырда қайтадан жалғасты. Нәтижесінде сағат 12.05-те құтқарушылар күшімен Жаңадария ауылына қарасты Аққолқа елді мекенінен 160 шақырым қашықтықтан жоғалып кеткен үш азамат табылды. Олардың жағдайы қалыпты, медициналық көмек қажет етпейді", — дейді облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіндегілер.

ТЖД
ТЖД

Ведомство мәліметінше, жоғалған азаматтарды іздеуге Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен 8 адам мен 1 техника, "ҚазАвиаҚұтқару" қызметінен 2 адам ат салысты. Олармен бірге жоғалған азаматтардың туыстары да атсалысты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров