Көпқабатты үйден шыққан өрттен бір бала уланып қалды

Экспресс К

ТЖД

Өрттен 10 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт Жеңіс даңғылы, 57 мекенжайындағы үйден шықты.

"Төрт қабатты тұрғын үйдің ас бөлмесіндегі заттар мен жиһаздар жанып жатқан. Өрт 19:08-де жедел оқшауланып, 19:11 сағатта ауыздықталды. Қызыл жалынды сөндіру барысында өрт сөндірушілердің күшімен жоғарғы қабаттардан құтқару маскаларының көмегімен 10 адам құтқарылды. Оның ішінде ауырлығы орташа дәрежедегі улы газбен уланған 1 бала ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығуының алдын ала себебі — ыдыс жуғыш машинаның электр сымдарының тұтануынан", — делінген ведомство хабарламасында.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының 28 қызметкері және 6 техникасы, Полиция департаментінің, медициналық жедел жəрдем қызметкерлері жұмылдырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров