Дамир Исмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегіне шығады

Express Qazaqstan

instagram.com / ismagulov_damir

23 мамырға қараған түні Лас-Вегаста UFC Fight Night 188 турнирі өтеді, оған Ресейдегі этникалық қазақ файтері қатысады, деп хабарлайды "Экспресс К" Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы Исмағұлов ивенттің бастапқы кардын ашады. Қарсыласы бразилиялық Рафаэль Альвес болады, жекпе-жек жеңіл салмақта (70.3 кг) өтеді. Исмағұлов — Альвес кездесуі елорда уақытымен шамамен 02:00-де басталады.

Дамир Исмағұлов (19-1) UFС-дегі төртінші жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады.

Тышқан аулай алатынын көрдік, енді қалай жұдырықтасатынын қарайық! Бір адам айтқандай: Сендер ақша үшін, ал біз мыңжылдықтар бойы төбелесіп келеміз.

деп жазды Исмағұлов Instagram-да.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров