Қазақстан
ӘЧ: Шайбалы хоккейден Қазақстан алғашқы матчта жеңіске жетті


© Ольга БУГАЕВА
Хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп жазады "Экспресс К" Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.


© Ольга БУГАЕВА
Жарыс қожайындары Латвияға қарсы өткен матчта Қазақстан буллит сериясынан соң жеңіске жетті. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.
Латвия — Қазақстан 2:3 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)


© Ольга БУГАЕВА
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы элиталық топқа бес жылдан кейін қайта оралды. Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.


© Ольга БУГАЕВА
Бөлісу