COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 373182, ЖАЗЫЛҒАНДАР 335938, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 3787


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 167 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады жексенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР-мен 2 мың 267 жағдай анықталды.
Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 373 мың 182 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 322,
Алматы қаласында — 519,
Шымкент қаласында — 63,
Ақмола облысында — 135,
Ақтөбе облысында — 82,
Алматы облысында — 143,
Атырау облысында — 86,
Шығыс Қазақстан облысында — 93,
Жамбыл облысында — 38,
Батыс Қазақстан облысында — 91,
Қарағанды облысында — 349,
Қостанай облысында — 41,
Қызылорда облысында — 19,
Маңғыстау облысында — 50,
Павлодар облысында — 80,
Солтүстік Қазақстан облысында — 13,
Түркістан облысында — 43.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 335 мың 938 адам емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 3 мың 353 адам.
Бөлісу