Сексеуілді заңсыз кескендер ұсталды

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Қызылорда облысының, Сырдария ауданында кетіп бара жатқан жүк көлігі күдік тудырды.

Құзырлы орган қызметкерлері тоқтатқан көліктен заңмен тыйым салынған 40 тонна сексеуіл тиелгені анықталды. Олар сексеуілді Алматы қаласына жеткізбекші болған, деп хабарлайды "Экспресс К".

Автокөлік Қызылорда қаласы Полиция басқармасының айып тұрағына қойылып, қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа, бір текше метрден астам көлемде сексеуіл тиелген "Газель" көлігі де әшкереленіп, тиісті шаралар қолданылды.

Қазір өңірде табиғат қорғау прокуратурасы пен полициясы және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бірігіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров