Кондиционер орнатамын деп опат болды


ryazan.profi.ru
Оралда ер адам үйдің тоғызыншы қабатында кондиционер орнатып жатып құлап кеткен.
Бұл ақпарат БҚО Полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Экспресс-К".
Полицияның дерегі бойынша, оқыс оқиға кешкі сағат 8-дер шамасында Орал қаласындағы 6-ықшамауданда болған. 29 жастағы азамат үйдің тоғызыншы қабатында кондиционер орнатып жатыпты. Бір кезде құлап кеткен. Жігіт оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі таңда істің мән-жайы анықталуда.