ӘЧ: Қазақстан Финляндияға қарсы!

Express Qazaqstan

© Reuters

Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы екінші кездесуін өткізеді.

Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап "Экспресс-К" хабарлап отыр.

В тобында бақ сынап жатқан Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы — қазіргі әлем чемпионы Финляндия құрамасы.

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:15-те басталады.

Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы кеше, 22 мамырда турнир қожайыны Латвияны жеңіп, чемпионатты сәтті бастады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров