Таразда жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған қыз табылды

Экспресс К

Таразда тәртіп сақшылары үйінен қашқан 13 жастағы қызды тауып алған.

Бұл туралы Polisia.kz ақпаратына сүйеніп "Экспресс-К" хабарлап отыр.

Оқиға былай болған. Полицияға облыс орталығының тұрғыны түнгі сағат 00:00-де оның қызы жанжалдан кейін үйден шығып, қайтып келмегенін айтып хабарласады.

Осыдан кейін Жамбыл облысы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы "Дабыл" белгісі бойынша Тараз қаласының ықшамаудандарының барлығын аралап, тексеріп шықты. Жақын маңдағы көшелер, барлық саябақтар мен гүлзарлар тексерілді.

Іздеуге еріктілер де қосылған. Олар полицейлермен бірге көшедегі адамдарға таратылған бағдарлар бойынша ақпарат берді.

Таңертең сағат бесте жоғалған қыз қала мектептерінің бірінің жанындағы орындықтан аман-есен табылды. Жасөспірімге қатысты заңсыз әрекеттер болмаған.

Анасына қатысты кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі сағат 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс болуына жол бергені үшін хаттама толтырылды. Ата-анасының қатысуымен қызға қатысты осындай деректерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізілді.

Тәртіп сақшылары кезекті рет барлық ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларға қатысты қырағылық танытуға және олардың түнгі уақытта қаңғыруына, сондай-ақ, олардың қатысуымен құқық бұзу деректеріне жол бермеуге шақырады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров