Ғарыш туризмі: Virgin Galactic зымыран ұшағы ғарыш шекарасына жетті (видео)

Express Qazaqstan

ВВС

Unity компаниясының Virgin Galactic зымыран ұшағы бірінші сынақты ойдағыдай өткізді.

Ғарыш туризмін жүзеге асыруды жоспарлап жүрген Unity компаниясы алғашқы зымыранды ұшақты ғарыш шекарасына жеткізді. Бұл туралы "Экспресс-К" BBC ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

Осыдан кейін барлығы жоспар бойынша іске асып жатса, Virgin компаниясының басшысы, британиялық кәсіпкер Ричард Брэнсон коммерциялық рейстерді жүргізуді көздеп отыр.

ВВС
ВВС

Ұшыру сынағын НАСА-ның бұрынғы астронавты Си Джей Стуркоу пен аға сынақшы-ұшқышы Дэйв Макей іске асырды. Олардың басқаруымен көкке көтерілген ұшақ 89 шақырым биіктікке жетіп, Жерге қайта оралды. Ал Жер атмосферасының ғарыш кеңістігімен шектесетін тұсы 100 шақырым биіктікте орналасқан.

ВBС-дің жазуынша, қазірдің өзінде атмосфераның ғарышпен шектесетін аумағына ұшуға 600-ге жуық адам кезекте тұрған көрінеді. Тіпті олар билет құнын да төлеп қойыпты. Бірақ ол үшін зымыран ұшағы барлық қажетті лицензияларды жыл соңына дейін алуға тиіс. Лицензиялау процесін АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) жүзеге асырады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров