Ф. Әбдірайымовты жұртшылық соңғы сапарға шығарып салды (видео)

Express Qazaqstan

instagram.com / kazakhfilm_official

Алматыда танымал қазақстандық актермен туыстары, достары мен жанкүйерлері қоштасты. Жұртшылық оны өнер адамына тән дәстүрмен саңғы сапарға қол шапалақтап шығарып салды.

Фархат Әбдірайымов Грузияда фильмнің түсірілімі кезінде мезгілсіз қайтыс болды. Актер инфаркттен көз жұмған болатын.

Фархат Нұрсұлтанұлы Әбдірайымов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Мамандығы — инженер-технолог. 1994 жылдан бастап Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (Қазіргі Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ) актері. 2005 жылдан — Қазақстан Республикасы Кинематографистер одағының мүшесі. Қазақстандық "Халық сүйіктісі" қоғамдық сыйлығының екі дүркін лауреаты (2011, 2012 жж). 2001 жылдан бастап ол ҚР Бильярд спорт федерациясының вице-президенті болды. Фархат Әбдірайымов ондаған фильмдерге түсіп, соның ішінде "Махаббат тәлкегі", "Қызғылт қоян туралы ертегі", "Аңыздар кітабы: жұмбақ орман", "Рэкетир-2" және "Фара" фильмінде басты рөлдерді сомдады. Ол кино өнерінде көптеген марапаттар мен сыйлықтардың иегері.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров