АШМ: көкөністерден вирус анықталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Фитосанитариялық карантиндік бақылау нәтижесінде көкөністерден вирус анықталды.

Түркістан облысының үш жылыжай шаруашылығында қызанақ пен бұрыштан қауіпі жоғары патогенді карантиндік вирус анықталды, деп жазады "Экспресс К" еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Қазір ведомстваның мемлекеттік инспекция комитеті карантиндегі өнімді, тұқымдық және көшет материалын әкелу мен әкетуді бақылауды, сондай-ақ қызанақ пен бұрыш өндірумен айналысатын шаруашылықтарды тексеру жұмыстарын күшейтті.

Вирус шықаннын ПТР-талдаулар негізінде "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы" ММ Алматы аймақтық карантиндік зертханасы растады.

Бұл вирус агрессивтілігімен және жылдам таратылуына байланысты жылыжай шаруашылықтарына өте қауіпті. Өңірде фитосанитарлық жағдай нашарлап кетпеу үшін Түркістан облысының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары қызанақтарды қайта өңдеу және жою туралы нұсқау берді. Ошақтарда тиісті карантиндік іс-шаралар жүргізіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, Комитет фитосанитариялық бақылау бекеттерінде өсімдіктер карантині бойынша бақылауды күшейтті. Биыл 4 айда бойында вирусы бар сырттан әкелінген көкөніс өнімдерінің 76 фактісі анықталды. Барлық жүк экспорттаушы елдерге қайтарылып, тауар иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Түркістан облысында қызанақ вирусының анықталуына байланысты Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың тапсырмасы бойынша өңірге жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу үшін Министрліктің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы шұғыл жетті. Алмабек Марс шағымданып, көмек сұраған түркістандық фермерлермен кездесу өткізді. Жұмыс сапарының нәтижелері бойынша, Комитет тиісті шешім қабылдайтын болады"-делінген хабарламада.

ҚР АШМ
ҚР АШМ

Вирустардың таралуын бақылау — біріншіден, жұқтырған өсімдіктерді жоюды, екіншіден, жылыжай жұмысшыларының қатаң дезинфекциялық шараларды сақтауларын қадағалауға негізделген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров