Ақтауда тұрғын үйдің қаптамасы құлап қалды

Express Qazaqstan

© ЭК

Ақтау қаласында көпқабатты үйдің қабырға қаптамасы құлап қалды,- деп жазады “Экспресс-К”

Оқиға 23 мамыр күні түнгі сағат 03:30 шамасында болған. Шырт ұйқыда жатқан жұрт қатты дүрсілден шошынғандарын айтады.

— Желдің қатты әсерінен 30 шағын ауданда орналасқан тұрғын үйдің бір қабырғасының қаптамасы тегіс құлап қалды. Салдарынан газ құбырына зақым келді. Пәтерлерге арнайы оранытлған салқындатқыш құралдар бекітпеден босап кеткен. Зардап шеккендер жоқ.

деп мәлімдеді Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі.

© ЭК
© ЭК

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ қауіптің алдын-алу мақсатында тұрғын үйге уақытша газ беруді тоқтатты. Қауіп сейілгеннен кейін құбырлар тексерістен өтіп, көгілдір отын қайта берілетін болады. Сондай-ақ құлаған қасбетті коммуналдық мекеме қызметкерлері жинап жатыр.

— Тұрғын үйді толығымен қайта қалпына келтіру жұмыстары қала әкімдігінің бақылауында болады.

деп сендерді қалалық әкімдік.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров