Украинада әуе шары құлады, қаза болғандар бар


facebook.com / policia.Khmelnytskoi.oblasti
Бір адам қаза тапты, бес адам түрлі жарақат алды.
Украинаның батысында Хмельницк облысындағы Каменец-Подольск қаласына жақын жерде әуе шары құлады. Оның ішінде жолаушылар болған, деп хабарлайды "Экспресс К" ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде, деп жазды Украинаның Ұлттық полициясының облыстық басқармасы өзінің Facebook парақшасында.


Қайғылы жағдай 22 мамыр күні кешқұрым Каменец-Подольск ауданында Кульчиевцы елді мекенінің жанында болды. Әуе шарының бортында ұшқыш пен бес жолаушы болған. Олардың барлығы Хмельницк пен Каменец-Подольск қалаларының тұрғындары. Бір ер адам қаза тапты, тағы бес адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Олардың арасында ұшқыш та бар.
Әуе рейстерінің ережелерін бұзу бабы бойынша тергеу басталды. Бұған дейін қалалық кеңес өзінің Facebook-тегі парақшасында Каменец-Подольск қаласында осы демалыс күндері "Подоль кубогы" әуе шарлары фестивалі өтеді, деп хабарлаған болатын.
Бөлісу